Сатиев Аманкелді Достарым (2021) mp3 скачать слушать, текст песни

Достарым текст песни

Сатиев Аманкелді

2021

3
0

Поделиться:



Достыққа жүрмін достыққа тарылып,
Елес болған бала күнді сағынып.
Қайда кеттің қанды көйлек достарым,
Жалғыздықтан жүрмін құрбым жалығып.

Бүгін неге көңіл күйім  мазасыз ,
Іргемнен дауыл соққандай  толассыз .
Қалқан болар достарым жоқ бүгінде,
Қасқайып тұрар дауылға  шарасыз.

Дәмін татып жүрмін бүгін  достықтың,
Жалған дос  құлы екен ғой қастықтың.
Ақаңның құлагеріндей   құлатып,
Қотыр атқа тұз сепкендей, бастықтым.

Тапшы болды адал достар бүгін де,
Достық  іздеуден жан баурым сүрін бе.
Ортамыздан қылдың өзі өтпейтін,
Достан  басқа керегі жоқ түгің де.


Жасұлан Шайқыслямұлы.






Сатиев Аманкелді

Добавил текст

24.05.2021
Видеоклип
Сатиев Аманкелді
Достарым