Сатиев Аманкелді Бауырларым (2021) mp3 скачать слушать, текст песни

Бауырларым текст песни

Сатиев Аманкелді

2021

4
0

Поделиться:



Бауырларым

Бауырым етім, бауырым, бауырларым,
Сездіртпейтін жанымның ауырғанын.
Жанашырым, жақұтым сендерсіңдер,
Қайысқанын білдермес қабырғамның.

Жырақ кетсем жыр жазып сағынғаным,
Сағыныштан сарғайып сабылғаным.
Марқайтады жанымды жадыратып,
Демеу болып жанымнан табылғаның.

Жоқ уайымы, жоқ ешқандайда күнәсі,
Жоқ алаңы, жоқ ешқандай кінәсі.
Балағымнан су кешіп батпақ езген,
Сендерсіңдер бала шақтың куәсі.

Сендерсіңдер, бірге көрген,бір жүрген,
Өмір жолын өздеріңмен бір сүргем.
Сендерсіңдер жан жылуын аямас,
Сендерсіңдер бірге жылап,бір күлген.

Сендерсіңдер бірге ойнаған, бір туған,
Ақ арманға бірге жүріп ұмтылған.
Айдай сұлу, ақ анамнан айналдым,
Менен кейін топырлатып ұл туған.
(Тіл мен көзден сақтай көрші жаратқан,
Бауыры көп деген болса сыртымнан)

Жақшаға алынған соңғы екі жолын өзіңіз білесіз, қосасыз ба, жоқ па, артық па деп ойладым






Amangeldi Satiev

Добавил текст

03.01.2021
Видеоклип
Сатиев Аманкелді
Бауырларым