Роза Әлқожа Иығыңа сүйеп едім басымды (2019) mp3 скачать слушать, текст песни

Иығыңа сүйеп едім басымды текст песни

Роза Әлқожа

2019

1
1

Поделиться:



Иығыңа сүйеп едім басымды,
Бүлік сезім бұрқ етті де басылды
Тулатпай-ақ қояйықшы жүректі,
Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды!
Тулатпай-ақ қояйықшы жүректі,
Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды!

[Қайырмасы]
Сүйеген сәт басымды
Жан сарайым ашылды
Күю оңай күлге айналып
Сүю қиын жасымды
Шулатпай-ақ ғасырды
Сезім тулап басылды
Көне берем тағдырыма
Көрсетпей көз жасымды


Иығыңа сүйеп едім басымды,
Жан сарайым хан сарайдай ашылды!
Жүрек сорлы бұлқынысын жасырды,
Кірпіктерім күрсінісін жасырды.
Жүрек сорлы бұлқынысын жасырды,
Кірпіктерім күрсінісін жасырды.

[Қайырмасы]
Сүйеген сәт басымды
Жан сарайым ашылды
Күю оңай күлге айналып
Сүю қиын жасымды
Шулатпай-ақ ғасырды
Сезім тулап басылды
Көне берем тағдырыма
Көрсетпей көз жасымды


Тазалықты сенен көріп тосылдым!
Адалдыққа болар едің хас үлгі.
Бар әлемнің сатқындығын кешірдім
Иығыңа сүйеген сәт басымды.
Бар әлемнің сатқындығын кешірдім
Иығыңа сүйеген сәт басымды.

[Қайырмасы]
Сүйеген сәт басымды
Жан сарайым ашылды
Күю оңай күлге айналып
Сүю қиын жасымды
Шулатпай-ақ ғасырды
Сезім тулап басылды
Көне берем тағдырыма
Көрсетпей көз жасымды






Admin

Отредактировал текст

08.11.2019
Пользователи