Роза Рымбаева ft. Нағима Есқалиева Сәлем саған туған ел (0) текст песни

Сәлем саған туған ел текст песни

Роза Рымбаева ft. Нағима Есқалиева

Сәлем саған туған ел

1
0

Поделиться:


Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан,
Баян-сұлу, Жібектей,
Төлегендей түлектей,
Ұл-қызы бар елімнен,
Жұлдызы бар жерімнен,
Сәлем саған, туған ел!
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жаралған ел, жыр үшін,
Сырда сұлу – күрішім,
Қырда бидай – ырысым,
Миллиардтай алтын дән,
Миллиардтай бар тұлғам,
Жыршы, жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Туған бақыт таңы алдан,
Таңы нұрдан жаралған,
Байқоңырдан ғарышқа,
Қанат қаққан сан арман,
Қазақ деген даламнан,
Әруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, туған ел!
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!






GM

Добавил текст

22.02.2016
Видеоклип
Роза Рымбаева ft. Нағима Есқалиева
Сәлем саған туған ел