Қазағым текст песни

Ринат Төре

Қазағым

0
0

Поделиться:


Тіл мен дінің сатпаған бабасымен мақтанам
Ат тұяғы таптаған даласымен мақтанам
Тарих сырын сақтаған қаласымен мақтанам
Сөзіне хан тоқтаған данасымен мақтанам

Адал есік аттаған анасымен мақтанам
Ана сүтін ақтаған баласымен мақтанам
Жеті атасын жаттаған санасымен мақтанам
Елімнің асқақтаған бағасымен мақтанам

Тіліміздің нақталған тұғырымен мақтанам
Дініміздің ақ таңдай тұнығымен мақтанам
Қызымыздың мақпалдай бұрымымен мақтанам
Ұлымыздың ақ қардай ұғымымен мақтанам

Періштедей халқымның пейілімен мақтанам
Ақ тілеулі қартымның мейірімен мақтанам
Өнегелі салтымның түйінімен мақтанам
Алты алашқа даңқымның биігімен мақтанам

Бойымызда қазақ қан аққанына мақтанам
Көгімізде и азат таң атқанына мақтанам
Шүкір еттім жаратқан жазғанына мақтанам
Халқымызды тозақтан өзің болғай сақтаған



Ринат Төре, Ринат Торе, Қазағым, Казагым текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

30.10.2015