Оңаша ой (ft Аян Болат) текст песни

Qarakesek

2017

3
0

Поделиться:



Ойға батып тағы қалып қойма
Өзіме қажет болғанда сені ғана ойлап
Мен өмір сүре берем мен жақты уайымдама
Бəрі біткесін ұтылғаныңды мойындама
Күндер өтіп алмасып жылдарға айлалуда
Үзілген үміттер қайта жалғанып байлануда
Болашақ өмірдің есіктері тұр құлыптаулы
Денесі көңілімнің аспаны қара бұлттары

Мойындыққа салмай тағы парақ бетін шимайладым жаза алмай
Ойыма келгенді жаза беретін адам ол мен шығармын
Өз өзін мазалайтын таң атқанда күн батқанда
Жылжып жатқанда күндерім
Жұлдыз аққанда түнде
Ақпанда көңіл түсті ақпанға
Келіп босатып бер өткен шақтан бері
Бақытыңа ұқсатып пең айтшы
Көңілде қалғаныңды білем
Екеуміз жүрген дəлел
Тағдырдың салғанына көнем
Арманым сөнген арманым сөнген

Байланған бағыңды шешу
Бəрі өз қолыңда
Өзіңе қажет болған нəрсені ғана ойла
Өзіңе қажет болар уақытты өлшеп байла
Сен өзің таза едің тазалығың енді қайда
Күндерің ақ қаралы түсініксіз екі жолда
Қолыңды бүгіп кеттің тағыда өзге жанға
Жалғыздық мүлде сатпайтын адал досым бол
Бақыт деп ойлаған қайғы маған досым бол
Жүрегің улануда былтырғы жас бұтақтар қайта гүлдеп жаралуда.
Былтырғы күзбен бірге кеткен сенің тазалығың
Өзгелер жиі кіретін жан баққа айналды.
Сол үшін өкпелімін сол үшін өтінемін
Мені кешір кешір.

Qarakesek, Qarakesek, Оңаша ой (ft Аян Болат), Онаша ой (ft Аян Болат) mp3 скачать, слушать, текст песни, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Отредактировал текст

01.04.2018
Пользователи