Қалқаға наз текст песни

Нұржан Керменбаев ft. Айқын

2016

1
0

Поделиться:


Шашып күміс күлкіңді,
Ашпайсың ау құлпыңды.
Табамын деп кілтіңді,
Ынтық көңілім ұмтылды.

Жайлауына жанымның,
Жайраң қағып көп шықтың.
Қазақшадан бір сөз де,
Білмей тұғын боп шықтың.

[Қайырмасы:]
Сымбат көркің мүсіндей,
Сары алтынның ішіндей.
Сен орысша сайрайсың,
Мен тыңдаймын түсінбей.
Сен сөйлейсең орысша,
Қыйналадау жан аса.
Өзге тілдің бәрінен,
Өз тіліміз тамаша.
Өзге тілдің бәрінен,
Өз тіліміз тамаша.

Қара көзім қалқамай,
Не десем де құптайсың.
Мен қазақша сөйлесем,
Сен бірін де ұқпайсың.

Бір сұлтанның сыңары ең,
Саған менде құмар ем.
Бір ай жүрсең жайлауда,
Қазақ болып шығар ең.
Жүр, ауылға жүріңіз,
Біз даланың гүліміз.
Сіз Баянның қызысыз,
Біз Қозының ұлымыз.
Сен сөйлейсең орысша,
Қыйналадау жан аса.
Өзге тілдің бәрінен,
Өз тіліміз тамаша.

[Қайырмасы:]
Сымбат көркің мүсіндей,
Сары алтынның ішіндей.
Сен орысша сайрайсың,
Мен тыңдаймын түсінбей.

Сен сөйлейсең орысша,
Қыйналадау жан аса.
Өзге тілдің бәрінен,
Өз тіліміз тамаша.
Нұржан Керменбаев ft. Айқын, Нуржан Керменбаев ft. Айкын, Қалқаға наз, Калкага наз mp3 скачать, текст песни, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Отредактировал текст

10.04.2016
Пользователи

GM

Видеоклип
Нұржан Керменбаев ft. Айқын
Қалқаға наз