Бақытыңды жырлайды текст песни

Нұр-Мұқасан

Бақытыңды жырлайды

2
0

Поделиться:



Жыламашы шырағым
Шашыратып шуағын
Мен білемін мына күн
Шұғыламен тынарын
Шаттық пенен қуаныш
Өкініш пен мұң-қайгы
Өмірбақи тұрмайды
Алма-кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Мен де мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды
Аттанады мына күн
Ашылады аспаның
Шашылады аспанға
Сенің жақұт тастарың
Сонау алыс асқарға
Асылады шашбауың
Шашырайды басқа нұр
Қосылады бастарың
Шаттық пенен қуаныш
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмірбақи тұрмайды
Алма-кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Мен де мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды
Жыла жаным жылай бер
Мен де мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды
Нұр-Мұқасан, Нур-Мукасан, Бақытыңды жырлайды, Бакытынды жырлайды mp3 скачать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

13.01.2016
Видеоклип
Нұр-Мұқасан
Бақытыңды жырлайды