Меруерт Қабыл Күтемін... (0) текст песни

Күтемін... текст песни

Меруерт Қабыл

Күтемін...

0
0

Поделиться:


Күтемін...
 
Күтуден  жалыққам  жырақта,
Жүректен  төгіліп  сыр  ақпа.
Сүймеймін  мен  сізді,
Сағынам  бірақта...
 
Еркелеп  күлгенім  бос  елес,
Біздерге  қуаныш  дос  емес.
Жыр  толы  хатымды  жазсамда,
Телефон  бос  емес...
 
Көркіне  шырмалып  көктемнің,
Мен  сізден  сырымды  бөккенмін.
Шын  бейнем  «нәзік  күз»  болса  да,
Өтірік  өктеммін!
 
Білмеймін  бұл  сезім  не  екенін,
Әйтеуір  сіз  болды  мекенім.
«Сүймеймін!»  дегім-ақ  кеп  тұрып,
Айта  алмай  кетемін...
 
Мен  солай  мұңыммен  табысам,
Жүзімді  ұрлаған  күз-елес.
Телефон  күзетем... алысам,
Сезімге  кінәлі  біз  емес.
Шыдамай  тұтқаға  жабысам,
Бірақта, Сіз  емес...
 






GM

Добавил текст

14.10.2015


shinline.kz