Ұзату текст песни

Меломен тобы

Ұзату

15
0

Поделиться:



Сен менің шырағым ең жаққан
Қарсы алсын шуағымен ақ таң!
Қол жайып сұрадым мен, Хақтан
Бағыңды жақсын Тәңірім!
Ақ қызым, өмірдегі тәттім
Өсірдім, мәпеледім бақтым.
Бой жеттің, сыңарыңды таптың
Недейін саған, жарығым?!
 
Қайырмасы:
Еркем, еркем, еркем
Осы әніммен жан сырымды шертем.
Жатырқама, ол да сенің өлкең,
Қадірлі бол барған жеріңе!
 
Ертең, ертең, ертең
Қосағыңмен бірге жайып өркен
Иманыңмен, мінезіңмен көркем,
Бақыт сыйла барған еліңе!
 
Ұмытпа бұйрығымен Хақтың,
Анаңның берген тəлімін!
Алдыңнан күліп сонда шат күн,
Еліңе артар қадірің!
Жарыңның бола білсең досы,
Табылар көңілдің хошы.
Әкеңнің ақ тілегі осы,
Өмірден бақыт табуың!
 
Қайырмасы:
Еркем, еркем, еркем
Осы әніммен жан сырымды шертем
Жатырқама ол да сенің өлкең
Қадірлі бол, барған жеріңе!
 
Ертең, ертең, ертең
Қосағыңмен бірге жайып өркен.
Иманыңмен, мінезіңмен көркем
Бақыт сыйла барған еліңе!
 
Еркем, еркем, еркем
Осы әніммен жан сырымды шертем.
Жатырқама ол да сенің өлкең
Қадірлі бол барған жеріңе!
 
Ертең, ертең, ертең
Қосағыңмен бірге жайып өркен,
Иманыңмен, мінезіңмен көркем
Бақыт сыйла барған еліңе!
Бақыт сыйла барған еліңе!
Бақыт сыйла барған еліңе!
 
Меломен тобы, Меломен тобы, Ұзату, Узату mp3 скачать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Отредактировал текст

01.08.2018
Пользователи