Сүйген сәулем текст песни

Меломен тобы

Сүйген сәулем

1
0

Поделиться:



Алаулап жүзің—арайлы таңдай,
Мөлдіріп тұрған көздерің қандай?
Сымбатты тұлғаң тербелер талдай, сүйген сәулем.
Әніммен әсем сені армандаймын,
Аққуым болсаң, мен—аппақ айдын,
Құшағымды тек өзіңе жайдым, сүйген сәулем.
 
Көктемгі гүлдей тұрасың жайнап, 
Қиялға баттым өзіңді ойлап.
Сен едің сүйген сәулем, 
Көңілім күнде аңсаумен
Өтер ме солай жастық дәурен?
Сен едің сүйген сәулем, 
Көңілім күнде аңсаумен
Өтер ме солай жастық дәурен?
 
Жұлдыздай жарық сәулеңді шашып,
Билейсің кейде тербеліп асық.
Көркіңе сенің көңілім—ғашық, сүйген сәулем.
Баяным сұлу—сенсің Жібегім,
Арманым асыл—сенсің тілегім, 
Өзіңмен -еркем -егіз жүрегім, сүйген сәулем.
 
Көктемгі гүлдей тұрасың жайнап, 
Қиялға баттым өзіңді ойлап.
Сен едің сүйген сәулем, 
Көңілім күнде аңсаумен
Өтер ме солай жастық дәурен?
Сен едің сүйген сәулем, 
Көңілім күнде аңсаумен
Өтер ме солай жастық дәурен?
Меломен тобы, Меломен тобы, Сүйген сәулем, Суйген саулем mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

22.10.2015