Есімдесің текст песни

Меломен тобы

Есімдесің

4
0

Поделиться:



Білмеймін қандай өмір кешудесің,
Дегенмен сен әлі де есімдесің.
Сағынып жазған маған хаттарыңның,
Санамда сақтап жүрмін көшірмесін.
Белгісіз қайда екенің, қай жақтарда?
Сағынып шерлі жүрек жай тапқан ба?
Бейнеңді елестетіп жұбанамын,
Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда.
 
Қайырмасы:
Есімдесің мен сені ұмытпағам,
Санамды сендік сезім құрықтаған.
Сезімім адал еді саған деген,
Жүрегімді мәңгілік құлыптаған.
 
 
Білгем жоқ қандай өмір кешудесің,
Бірақ сен есімдесің, есімдесің.
Қиналып жүрмін әлі өшіре алмай,
Санамдағы хаттардың көшірмесін.
Белгісіз қайда екенің, қай жақтарда?
Сағынып шерлі жүрек жай тапқан ба?
Бейнеңді елестетіп жұбанамын,
Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда.
 
Қайырмасы:
Есімдесің мен сені ұмытпағам,
Санамды сендік сезім құрықтаған.
Сезімім адал еді саған деген,
Жүрегімді мәңгілік құлыптаған.
Меломен тобы, Меломен тобы, Есімдесің, Есимдесин mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

19.10.2015