Бақыт құшағында текст песни

Меломен тобы

Бақыт құшағында

1
0

Поделиться:



Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім
Әйтеуір нұр құштым
Әйтеуір гүлдедім
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады
 
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған
 
Әнбісің төгілген
Жырмысың армандай
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады
 
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған
 
Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген
Бір нәзік шуақпын
Жаныңа үнілген
Сүйемін мен күнді
Көңілді жалынды
Сен биле еркімді
Әлдиле жанымды
 
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды 
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған
Меломен тобы, Меломен тобы, Бақыт құшағында, Бакыт кушагында mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

27.10.2015