Мейрамбек Бесбаев 40 жас (2017) mp3 скачать слушать, текст песни

40 жас текст песни

Мейрамбек Бесбаев

2017

50
4

Поделиться:



Жиырма бесте салушы едік сайран
Сол кездер сағындырған-ай
Серілікпен өтті күндер жайнаған
Жастықтың жалын жылдар-ай
Ғашық болып сұлу әнге жаным
Өмірдің жақтым алауын
Ағалыққа басқандай ма қадам
Қырықтың бұзған қамалы

Қайырмасы
Қырық дегенің жігіт пе дедім
Биік беделің солай
Қырық дегенің үміт пе дедім
Күліп келемін солай

Балалықты еске алайық достар
Бозторғай әнге салатын
Қайдасыңдар құрбылар мен құрдастар
Кештерге бірге баратын
Жүрегімді аялаумен арман
Атырған мөлдір таңдар-ай
Бал сәттер өтті сырғып жанардан
Аңғалдықпенен аңдамай

Қайырмасы
Қырық дегенің жігіт пе дедім
Биік беделің солай
Қырық дегенің үміт пе дедім
Күліп келемін солай








Комментарии

Муслим К

26 Июня 2018

әблқасым

Берик

29 Июня 2018

кушти!

Admin

Отредактировал текст

18.06.2018