Жүрегімнің төріндесің текст песни

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Поделиться:


Келісті ғой келбетің тартымды әрі ақ,
Дегендейін жігіттер қалсын қарап.
Түсінісер шағымыз жеткен жоқ па,
Танытып жүрсің неге салқын қабақ.

Жылытпасаң жанымды жанарыңмен,
Сенсіз сүрең көрінер дала мүлдем.
Өзің барда бақытты мен ғанамы,
Ал, жоқ болсаң жабырқап қаламын мен.

Көңілсізбін бір сәт сен көрінбесең,
Өзіңмен тек мен жарқын өмір кешем.
Мәңгілікке, жарқыным, сен тұрасың,
Жүрегімнің ең биік төрінде сен.

Саған деген сыршыл сан өлеңімді ең,
Жазып талай дамылсыз келемін мен.
Жан едің ғой кезінде жанымды ұғар,
Суынып барасың сен неге мүлдем.

Қаламаймын көлдердің қуын ұшқан,
Жақсы емес қой, жарқыным, суынысқан.
Жаным менің қашанда сен деп өтер,
Ал, жүрегім махаббат туын ұстар.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Жүрегімнің төріндесің, Журегимнин ториндесин текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016