Жазылмаған жырым сенсің текст песни

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Поделиться:


Иланарсың, иланбассың бұған шын,
Сен мен үшін жазылмаған жыр-әнсің.
Аз дейсің бе, қайғы-азапты мен көрген,
Неге мені күттіруге құмарсың.

Мейлі, мәңгі орнамасын арай бақ,
Мейлі, мәңгі өтейін мен қарайлап.
Жарқынам-ау,жанарға жас іркіліп,
Күндіз-түні жүремін тек сені ойлап.

Азап,азап екен ғой бұл ой деген,
Тасынған мен жыр атқылап, бойда өлең.
Бақытымды тапқан жандай болам мен,
Өзің жайлы ойлап кетсем кейде мен.

Болмаса да арамызда анық сән,
Табылуға асықтым мен тарықсаң.
Жырларыма жылу бердің,жарқыным,
Жанарымда жас боп тұндың қамықсам.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Жазылмаған жырым сенсің, Жазылмаган жырым сенсин текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016