Сүймесем сені егер мен текст песни

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Поделиться:


Тартса да тағдыр, тауқымет талай,қайғы алдан,
Құтылмай қойдым сен жайлы мың-сан ойлардан.
Сусындай алар күн бар ма, жаным, бірге біз,
Бұлақтай мөлдір махаббат атты қайнардан.

Жылыстап жылдар, сынаптай сырғып ай күндер,
Қуаныш маған келері жұмбақ қай күннен?
Өзге жігіт өңді өзгертер деуің мүмкін ғой,
Шын сенсең егер ойымнан тастамаймын мен.

Сараңға түскен сәттерім қанша сені ойлап,
Бар кезгі күндер, жаным ау, қазір және әйбат.
Жарқыным, мені көзіңе ілмегеніңмен,
Көп тосып жүрмін келер деп сені бақ айдап.

Үміт пен сенім елестеп алғы көп күннен,
Тек сені ойлап тыныштық таппай кеттім мен.
Өзіңмен бірге болуда маған арман-тын,
Неліктен мұнша алыстап, жаным кетті іргең?

Сағым боп мүлде алыстап менен кеткенмен,
Самал боп есші қайта бір алдан,бөктерден.
Өзіңді алғаш көрген сәт жаным жай тауып,
Ақылдым менің, сені сүймесем егер мен.

Сені ойлап күнде, жаным-ау, әлі келем мен,
Тек сен деп мынау тірлікте қатал не көрмен.
Не көрмен, қалқам, өткені жаным өлермен,
Бұйтпес ем, сүймесем сені егер мен.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Сүймесем сені егер мен, Суймесем сени егер мен текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016