Сенің даусың естілді мені іздеген текст песни

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Поделиться:


Салмақ тастап салқындау сезімге ерен,
Телефоным тынбайды безілдеген.
Трубканы алып ем ар жағынан,
Сенің даусың естілді мені іздеген.

Сенің даусың естілді сыр ақтарып,
Мен отырмын сен мүлдем ұнап қалып.
Білесің бе, әр сөзің жүрек тербеп,
Мені әкетіп барады жыраққа алып.

Сенің даусың естілді, көңілдендім,
Кетті бір сәт ыдырап көңілден мұң.
Тыңдасам мен тыңдайын тек өзіңді,
Даусын қайтем пір тұтып көрінгеннің.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Сенің даусың естілді мені іздеген, Сенин даусын естилди мени издеген текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016