Сен қашан келер екенсің... текст песни

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Поделиться:


Демеші, қалқам, екен сұм,
Өзіңді сүйген екем шын.
Сағынған мені қуантып,
Сен қашан келер екенсің?..

Сұрадым сені күннен де,
Сұрадым сені түннен де.
Аларын білмей алжасқан,
Ақылдым, айтшы, бір мен бе?..

Күнімді жалғар бір күнге,
Есімде бәрі, күлкің де.
Табынтқан ерен өзіңе,
Ұмыту сені мүмкін бе?

Өтті ғой талай апталар,
Күткелі жақсы хат-хабар.
Бақытым, барым, қайдасың?
Жанымды жәннәт баққа орар.

Жүректі жаулап барша мұң,
Күткелі сені қанша күн.
Күндіз де, түнде сені ойлап,
Жарқыным, келші,шаршадым.

Демеші,қалқам, екен сұм,
Өзіңді сүйген екем шын.
Сағынған мені қуантып,
Сен қашан келер екенсің..
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Сен қашан келер екенсің..., Сен кашан келер екенсин... текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016