Сен десе бәрін ұмытам текст песни

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Поделиться:


Көкте де жүргім келмейді қазір жерде де,
Өзіңді сүйіп науқас боп жүрмін, емдеме.
Бақыттан басым бұрын тұратын айналып,
Мұңды боп кеттім мен неге?

Көрмегем ешбір әлі бір, жаным,ар аттап,
Қол бұлғап талай шақырса-дағы абат бақ.
Тек қана сені ұнатып өтем өмірден,
Өмірдің мынау беттерін жаймен парақтап.

Бүгін де көрдім түсімде сені жарқыным,
Жүрсің сен сеуіп жаныма сезім жарқылын.
Тағдырдың маған тартқаны тек өзіңсің,
Қайтейін басқа алтынын.

Өтермін,бәлкім,күндіз де,түнде сені ойлап,
Сен келер жаққа көзімді тігіп қарайлап.
Жабырқап жүрек тарығып жүрсе алдымнан,
Таңым боп атшы арайлап.

Өлшенбес өмір байлықпен және көрікпен,
Сен маған келсең қашанда жаным, сеніп кел.
Сен десе,өзім ұмытып кетем бәрін де,
Білмеймін, оны, неліктен?
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Сен десе бәрін ұмытам, Сен десе барин умытам текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016