Өлең жаздым өзіңе текст песни

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Поделиться:


Жан сергіткен өзіңсің,тау самалым,
Жетерлігін, білмеймін қашанға әлім?
Өлең жазып өзіңе барам әлі-ақ,
Қарсы алмасың, белгісіз,қарсы аларың.

Күттің кеше, бәлкім сен бірсікүні,
Менсіз өткен мезі етіп тіршілігің.
Терезесін ашайын көңілімнің,
Шуақ болып жаныма кірші,күнім.

Дедім бе екен, кімге енді ақтарылам,
Сені іздедім қаланың бақтарынан.
Күнде күтіп, күнім-ау, жанарымды,
Өзің келер Оңтүстік жаққа бұрам.

Болғаннан соң қуаныш,сезім де кем,
Мұңды күйдің пернесін безілдетем.
Бақытым да, бағым да, байлығым да,
Біле білсең тек сенің өзіңде екен.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Өлең жаздым өзіңе, Олен жаздым озине текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016