Қыр асып сырласайық текст песни

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Поделиться:


Санамда сұлу даусың,есте белгің,
Өзің үшін мен бар ма кешпеген мұң.
Жолыға алмай өзіңмен қан жылаған,
Өз жанымды, айтшы сен, ескерер кім?

Ойымда да, түсімде сенің бейнең,
Жыр жолдары өзіңсіз терілмейді ен.
Жанарыңнан, жарқыным, жабырқаған,
Жүрегіме шуақ-нұр төгілгей де ем.

Даусың да сол,менің есімдесің,
Ой-санамды жаулаған не сыр менің.
Өлең жазсам мен саған сағат сайын,
Мерейіңді мен биік өсіргенім.

Қарақат көз, көрікті,қарағым-ау,
Жабырқаған жаныма қара мынау.
Жүрек асық өзіңе жылытқанша,
Оған қалай қыл бұрау саламын-ау.

Сала алмаймын,қажетсіз сала алмаймында,
Жұпсыз аққу,айтшы сен,бар ма айдында.
Көп болды ғой жолығып сырласпадық,
Қиындық бар, қарғам-ау, қандай мұнда.

Келші бүгін кездесіп, сырласайық,
Жүректердің лүпілін тыңдасайық.
Тыңдасайық, жадырап бір жасайық,
Сөйтіп көңіл шаңын бір қағысайық.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Қыр асып сырласайық, Кыр асып сырласайык текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016