Кім ұрлады сендегі қуанышты текст песни

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Поделиться:


Алды артын ойламайтын алаңғасар,
Мен де саған болдым ба,адам нашар.
Өкпелетіп алдым ба, өкіндім мен,
Жолын таппай қалай бір хабарласар.

Өкпелеме, өтінем, өкпелеме,
Мұндай сәттер өмірде көп келе ме?
Жанарыңа қарасам сұқтанып ем,
Өтінемін, оны да текке деме.

Жанарыңнан мұңыңды анық көрем,
Сұлу бейнең бөлейді шабытқа ерен.
Кім ұрлаған, сендегі қуанышты,
Кім болсада қайтарып алып берем.

Алдымды орап жігіттер епті кейбір,
Қуанышсыз, қызықсыз өтті кей күн.
Не десең де, жаным-ау, бұл ғаламда,
Бақытты болса өзіңді деп тілеймін.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Кім ұрлады сендегі қуанышты, Ким урлады сендеги куанышты текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016