Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар.
Тез жазылмақ бұл жара,
Бал тілімен сүйсе жар.
Сүймесе жүрек, дариға,
Өлер жүрек, қансырар.
Махаббат – бір тәтті у,
Ішер жүрек болар мас.
Дүниедегі у мен шу,
Мас жүректі оятпас.
Махаббат –бір тәтті у,
Ішер жүрек, төгер жас!
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Махаббат не?, Махаббат не? текст песни, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store