Мәдина Сәдуақасова Жұлдыздармен сырласу (2018) mp3 скачать слушать, текст песни

Жұлдыздармен сырласу текст песни

Мәдина Сәдуақасова

2018

46
0

Поделиться:



Ғажап еді түн қандай
Ай жүзінде мұң бардай
Ақ жұлдыздар сол Айды
Жұбатқалы тұрғандай
Дидарыңнан арайлы
Тылсым жылу тарайды
Үнсіз ғана маған да, қарайды.

Қайырмасы:
Жұлдыздар, жұлдыздар
Әнін Айға қосатын
Өмірде бір қыз бар
Өз бақытын тосатын.
Жұлдыздар, жұлдыздар
Түннің сырын сақтаған
Әлемде бір қыз бар
Жұбанышын таппаған.

Жеткізе алмай сезімін
Тауысқандай төзімін
Жұлдыз ақса аспаннан
Тамшысындай көзінің.
Жұлдыздарым сырласып
Жанымды ұғар мұңдасып
Өздеріңдей мені кім, тыңдасын.

Қайырмасы:
Жұлдыздар, жұлдыздар
Әнін Айға қосатын
Өмірде бір қыз бар
Өз бақытын тосатын.
Жұлдыздар, жұлдыздар
Түннің сырын сақтаған
Әлемде бір қыз бар
Жұбанышын таппаған.






Комментарии

Аяулым

09 Января 2021

күшті 👍👍👍

Admin

Отредактировал текст

12.11.2018
Пользователи
Видеоклип
Мәдина Сәдуақасова
Жұлдыздармен сырласу