Мәдина Сәдуақасова Өткен күндер (2016) mp3 скачать слушать, текст песни

Өткен күндер текст песни

Мәдина Сәдуақасова

2016

3
0

Поделиться:



Албырт жастық ап қашты
Айналаға қаратпай.
Артта қалды көп күндер
Аударылған парақтай.
Келер күнге сабақтай
Өткен күндер-ай,
Арман-ай, жалған-ай, қалғаны-ай,
Секілді бір таңғы арай,
Жүрек от боп жанғаны-ай,
Қайта оралып келмейтін
Өткен күндер-ай.

Қанатымен қаз-үйрек
Суға сурет салғандай.
Қатар жүрген күндерді
Аңсаймыз біз армандай.
Мөлдір моншақ тамғандай,
Өткен күндер-ай,
Арман-ай, жалған-ай, қалғаны-ай,
Секілді бір таңғы арай,
Жүрек от боп жанғаны-ай,
Қайта оралып келмейтін
Өткен күндер-ай.

Қайырмасы:
Ағады өмір арнасын керіп,
Салуға сайран бермейді ерік.
Өткенді аңсап, мұңайма жібер,
Тоқтама, жүрек, соға бер үдеп.

Албырт жастық ап қашты
Айналаға қаратпай.
Артта қалды көп күндер
Аударылған парақтай.
Келер күнге сабақтай
Өткен күндер-ай,
Арман-ай, жалған-ай, қалғаны-ай,
Секілді бір таңғы арай,
Жүрек от боп жанғаны-ай,
Қайта оралып келмейтін
Өткен күндер-ай.

Қайырмасы:
Ағады өмір арнасын керіп,
Салуға сайран бермейді ерік.
Өткенді аңсап, мұңайма жібер,
Тоқтама, жүрек, соға бер үдеп.

Секілді бір таңғы арай,
Жүрек от боп жанғаны-ай,
Қайта оралып келмейтін
Өткен күндер-ай.









Комментарии

сауле

14 Ноября 2016

адеми олен керемет бул оленли Беибит Сеидуалиева аитушы еди

Алмабекова

28 Марта 2019

Секілді бір таңғы арай,

Алмабекова

28 Марта 2019

Секіллі бір таңғы арай,Жүрек от боп жанғаны - ай!Қайта оралып келмейтін,Өткен күндер-ай

Алмабекова

28 Марта 2019

Өткенді аңсап,мұңайма жүрек,Тоқтама жүрек!Соға бер үдеп!

Майя Аубакирова

Отредактировал текст

10.04.2019
Пользователи