Мәдина Сәдуақасова Асыл әке (0) текст песни

Асыл әке текст песни

Мәдина Сәдуақасова

Асыл әке

5
0

Поделиться:


 Асқар тау әке саялы
 Бақыттың тапқан баянын
 Үміт пен сенім бақшаңда сенің
 Жайқалып мен өркен жаямын
 
 Үйреттің өмір сырларын
 Алдыңда сендей тұлғаның
 Заңғар шың биік, басымды иіп
 Келеді күн сайын тыңдағым
 
 Жайдарлы жан әкем
 Аяаулы ән әкем
 Құтты болсын думан тойыңыз
 Қасыңда ұл қызың
 Жарқырап жұлдызың
 Тусын күн оңыңнан, айың да
 
 Жасыңа бір жас қосылды
 Аттадың жаңа ғасырды
 Әлемді шарлап
 Таппаспын ардақ
 Өзіңдей аяулы асылды
 
 Өткізбей босқа уақытты
 Жаныма шаштың жақұтты
 Ақылшы таудай, қасында мәңгі
 Әкесі бар жандар бақытты
 
 Жайдарлы жан әкем
 Аяаулы ән әкем
 Құтты болсын думан тойыңыз
 Қасыңда ұл қызың
 Жарқырап жұлдызың
 Тусын күн оңыңнан, айың да 






GM

Добавил текст

20.10.2015