Қарындасыма текст песни

Қыдырәлі Болман

Қарындасыма

0
0

Поделиться:


Дәм тартып жатқа, кеттің бе, қалқам
Жар болар жасқа, жеттің бе қалқам
Қиналған жерде, сыр берме қалқам
Сыналған жерде, сүрінбе қалқам
 
Еліңді ойлап, егілме қалқам
Анаңды аңсап, езілме қалқам
Жамандық көрсең, жасыма қалқам
Табылам әр кез, қасыңнан қалқам
 
Жер басып жүрсем, қорғаның болам
Суықтан қорғар, орманың болам
Әкеңді ойлап, сағынба қалқам
Сыйлы бол әр кез, жарыңа қалқам
 
Соңымнан ерген, інімдей боп ең
Шуағын төккен, күнімдейц боп ең
Сұқ көзден қорқар, балапан едің
Аққу боп ұштың, табылып теңің  
 

Қыдырәлі Болман, Кыдырали Болман, Қарындасыма, Карындасыма текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Комментарии

максат

15 Июля 2016

өтте орынды ән

GM

Добавил текст

23.10.2015