Поделиться:




Текст песни



Ай, сұлу қыз, қалың қалай,
Көңіл ауды саған қарай,
Енді жібермеймін оңай.
Тілегіңіз тағы дос па екен?
Жүрегіңіз әлі бос па екен?
Кешіктім бе қап-ай, білемін қалай?

Тілегіңіз тағы дос па екен?
Жүрегіңіз әлі бос па екен?
Кешіктім бе қап-ай, білемін қалай?

Сері жігіт болшы абай,
Сендейлерді көргем талай.
Сәл-сәл асықпаңыз олай,
Жүрегіміз кілтті жұмбақ қой.
Оны ашу сізге қымбат қой,
Өз еркіңе қарай,
Ашасыз қалай?

Жүрегіміз кілтті жұмбақ қой.
Оны ашу сізге қымбат қой,
Өз еркіңе қарай,
Ашасыз қалай?

Ашып алам оңай, жолы керек,
Ғашық адам солай болу керек.

Бір арманға күндей толу керек.
Екі жүрек бірдей соғу керек.
Көзімізді жатқа сыйламай,
Өзіңізді босқа қинамай,
Айырылмай мүлде, болайық бірге.

Көзімізді жатқа сыйламай,
Өзіңізді босқа қинамай,
Айырылмай мүлде, болайық бірге.

♫♫♫♫♫♫♫♫♫♫

Қабағыңа қонған Күн-Ай,
Жанарыңа толған шырай.
Сені, шүкір берген Құдай.
Сезіміміз тәтті ертегі ай,
Еркелеген менің еркем-ай,
Бақытты талай, көрейік ары қарай.

Қылығыма жүрсең шыдай,
Бақытты боламын ұдай.
Мені, еркелетсең былай.
Сен боласың менің серім-ай,
Мен боламын сенің теңің-ай.
Әнімді арнай, жүрейін қалмай.

Бәрі лайық бізге бағымыздан,
Арылайық жалғыз шағымыздан.

Сағынайық ойлап таңымыздан,
Табылайық әр кез жанымыздан.
Көзімізді жатқа сыйламай,
Өзімізді босқа қинамай,
Айырылмай мүлде, болайық бірге.

Көзімізді жатқа сыйламай,
Өзімізді босқа қинамай,
Айырылмай мүлде, болайық бірге.




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Комментарии
Нурдана Казихан
27 Января 2017

кушти

Мукарама Ибатуллина
28 Января 2017

кушти

фарида
19 Февраля 2017

кушти ан

Асылан Магзумов
20 Февраля 2017

жаксы

Micromax Micromax
25 Февраля 2017

жарайсындар!!!!!!!!!!бактары н ашылсын

маулен
19 Марта 2017

керемет. ан екен.

Рауан
24 Марта 2017

Озбекше вариантта бар сурак ким кимнен урлады. Бирак олен керемет

АЙМАН
01 Апреля 2017

ӨТЕ КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ

Дамира Кулимшин
11 Апреля 2017

тамаша ан Албина

Жақсылық
05 Сентебря 2017

Өте жақсы жастарға өнеге байрғы қазақ мəдениетені тəн қыз бен жігіттің əні сондай үйлесімді жақсы əн .рахмет.

Гаухар
15 Мая 2020

Сіздің әндеріңіздің барлығы керемет ұнайды

ahmetovadana988@gmail.com
26 Февраля 2022

бақытымын

ahmetovadana988@gmail.com
08 Марта 2022

маладец

ahmetovadana988@gmail.com
08 Марта 2022

маладец

ahmetovadana988@gmail.com
08 Марта 2022

❤️❤️

ahmetovadana988@gmail.com
08 Марта 2022

❤️

Добавлено

26.01.2017
Видеоклип
Куандык Рахым
Болайык бирге