Алаңдадым текст песни

Қуандық Рахым

2017

20
0

Поделиться:



Менің аяулым бір өзің екенін ән қылып жүрген едім
Үміттің жібін үзбей тек бақытты жан қылып үлгеремін.
Тағы қасыңа келгенде шынайы сезіммен гүл беремін
Шаттықпен бір мұң қатар кеп жатса да өзіңмен бір көремін.
Айым, сағынған күнім, жанымнан жүрдің әркез табылып,
Сен кеттің келем деп,
Мен жүрдім елеңдеп сені сағынып.

[Қайырмасы]
Алаңдадым, алаңдадым,
Ашып айтам саған бәрін.
Алаңдадым орындалмай
Қала ма деп бар арманым.
Қалағаным, қаламадым
Басқа жанның қарағанын.
Сыңарым сен болғандықтан
Арналады саған әнім.

Мына жалғанда бақытым, баянды бағым боп басымдағы
Сенің тәтті үнің – бал шырын әлі де, жан сырым, ашылмады,
Жүрегімнің сен бөлшегі, сондықтан мен сені аялаймын.
Сыңарым меніңң себебің сен өзің – қымбаттым қасымдағы
Айым, сағынған күнім, жанымнан жүрдің әркез табылып,
Сен кеттің келем деп,
Мен жүрдім елеңдеп сені сағынып.

[Қайырмасы]
Алаңдадым, алаңдадым,
Ашып айтам саған бәрін.
Алаңдадым орындалмай
Қала ма деп бар арманым.
Қалағаным, қаламадым
Басқа жанның қарағанын.
Сыңарым сен болғандықтан
Арналады саған әнім.

Жыламасай жүрсең болды маған,
Жұбатпашы мені, мейлі.
Біз жүрген жерді бір күні, жаным,
Ғашықтардың елі дейді.
Ақ қар ерісе көктем келгенде,
Ақ сезімім ерімейді.

[Қайырмасы]
Алаңдадым, алаңдадым,
Ашып айтам саған бәрін.
Алаңдадым орындалмай
Қала ма деп бар арманым.
Қалағаным, қаламадым
Басқа жанның қарағанын.
Сыңарым сен болғандықтан
Арналады саған әнім.


қуандық, рахым, куандык, kuandyk, kuandik, rahim, rakhim, rahym, Алаңдадым, Аландадым mp3 скачать, слушать, текст песни, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Майя Аубакирова-2

Отредактировал текст

20.12.2019
Пользователи