Ай жүзің нәр алғандай түннен
Дидарың жаралғандай күннен
Күлімдеп қарағаның сенің
Әдемі нәзік әсем гүлден
Қылығың қандай тәтті еркем
Ажарың, мінезің де көркем
Сұлу да сымбаттысың неткен
Өзіңмен бақыт жырын шертем
[Қайырмасы]
Мен сені сүйіп өтем жаным
Сезімнің оты қандай жалын
Тәңірім екеумізді қосқан
Басталған махаббат пен дастан
Шын ғашық болдық біздер жаным
Тек қана бірін-бірі тосқан
Керемет қандай нұрлы көктем
Жүрекке сезім гүлін еккен
Шомылып сәулесіне күннің
Шуағын ғашықтарға төккен
[Қайырмасы]
Мен сені сүйіп өтем жаным
Сезімнің оты қандай жалын