Индира Жалкибаева Рамиздерим - мактанышым текст песни

Рамиздерим - мактанышым Индира Жалкибаева

0
0

Поделиться:


Текст песни



Әнұран мен, Елтаңба, Көк туымыз,
Тәуелсіздік бақытты, шаттығымыз.
Бірлігі бар, ұлы дала елімізде,
Татулықпен желбірейді ақ туымыз.Еліміздің рәміздерін тану керек,
Әр адам патриот болу керек.
Мағжан сенген бүгінгі жас ұрпаққа,
Рухты ұл мен қызың болу керек.Мен- ұстазбын бүгінде бақыттымын,
Білетін жандармыз ғой уақыт құнын.
Тәуелсіз елімізде рәмізге,
Жыр арнау отандасқа бақыт бүгін.Елбасымыз сара жол салып берді,
Қүллі әлемге Көшбасшы танытты елді.
Бір Елбасы, Бір тағдыр, мақсаты бір,
Ер еңбегін қазақтай халық көрді.Бойымызға күш-қайрат жию керек,
Бірлік пен татулықтай сыйың бөлек.
Өз елін, туған жерін, өз отанын,
Рәмізін әрбір ұрпақ сүю керек.Еңбек етіп, жай тыныш жатпау керек,
Ата заң құқықтарын сақтау керек.
Кірпіш болып қаланып әр оқушым,
Бабалардың сенімін ақтау керек.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Добавлено

24.04.2017


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz