I2mar Аңсағаным (0) текст песни

Аңсағаным текст песни

I2mar

Аңсағаным

0
0

Поделиться:


 
1. Сен кеткелі, 
Бақытымнан мүлдем мән кеткендей.
Көңілімнің,
Көк нөсері сел боп өмірден сән кеткендей.
 
Есіңде ме?
Қызғалдақты белде қыр асқан күн.
Айлы кеште,
Аймаласып таңға көз ілмей сырласқан түн.
 
Қайырмасы
 
Қайыңдай құлап,
Тұрсам да сұрап,
Бақытым болып,
Қайтпадың бірақ.
 
2. Асыл бейнең,
Ажарың да ойда жатталғандай.
Альбомдағы
Суретіңде, жаным, жанарың сақталғандай.
 
Аңсағаным,
Жүрегім де сен деп бір соғатын.
Бәрінен де 
Өзіңменен өткен ең қымбат бір сағатым.
    
Бридж
 
Күтуменен,
Өтем сені мәңгі, асыл айым.
Сен деп соққан,     
Жүрегімді қайтіп сенен  жасырайын.







GM

Добавил текст

24.10.2015
Видеоклип
I2mar
Аңсағаным