Сен екеуміз текст песни

Ғалымбек Басшиев

2018

1
0

Поделиться:



Айдан ару күннен сұлу ажары
Ерке күнім еркелігі бағалы
Сен екеуміз болайықшы бақытты
Қалқатайым қарақаттай жанары

Қайырмасы
Бар жұлдызы төбемізде жанғандар
Біздің бақта бұлбұл əнге салғандар
Мөлдір шашып жолымызда жүретін
Бірге жаным жетейікші арманға
Көз алдымнан сені ғана көремін
Көрінбесең өзіңді іздей беремін
Айдындағы аққулардың ішінен
Жүрегімнің таңдағаны сен едің

Біз бəріне бірге жүріп жетеміз
Мəңгілікке ғашық болып өтерміз
Махаббаттың пəк сезімін теңізін
Бірге кешіп өтейікші екеуміз

Қайырмасы
Бар жұлдызы төбемізде жанғандар
Біздің бақта бұлбұл əнге салғандар
Мөлдір шашып жолымызда жүретін
Бірге жаным жетейікші арманға
Көз алдымнан сені ғана көремін
Көрінбесең өзіңді іздей беремін
Айдындағы аққулардың ішінен
Жүрегімнің таңдағаны сен едің



Ғалымбек Басшиев, Галымбек Басшиев, Сен екеуміз, Сен екеумиз mp3 скачать, слушать, текст песни, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Отредактировал текст

14.12.2018
Пользователи