Өмір күші текст песни

Ғафу Қайырбеков

0
0

Поделиться:


Мыңдаған қалам өрнегі түсіп,
Алуан көздің от ізі қалған.
Талайдың басып алақаны ыстық,
Екінші қолға суымай барған,

Маған да жетті сол қағаз қымбат,
Жүректен шықты мызғымас антым.
Қаламның бойын қуалай зырлап,
Құйылды барып қағазға әрпім.

Үндеуден көрді көзім тез шалып,
Інімнің қолын қойылған шапшаң.
Тұрғандай болды тұтасып халық,
Осынау байтақ астында аспан.

Жалауын бейбіт өмірдің ортақ,
Көтеріп қолдан айбарлы үнмен.
Астында тудың тұрды бір шырқап,
Өзімдей ұлан өмірді сүйген.

Толды да кеуде сезіммен күшті,
Өмірдің алып қайратын көріп.
Келешек маған жымия түсті,
Өзінің ғажап ісіне сеніп.
Ғафу Қайырбеков, Гафу Кайырбеков, Өмір күші, Омир куши текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016