Ана туралы жыр текст песни

Ғафу Қайырбеков

0
0

Поделиться:


Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.

Сен берген құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.

Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышын
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай- күнін,
Қолыма түспеді.

Ете гөр қанағат,
Әзірге берерім.
Балалық махаббат
Балалық жүрегім.

Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар.
Өзіңе арнаған
Әнімді қосып ал.
Ғафу Қайырбеков, Гафу Кайырбеков, Ана туралы жыр, Ана туралы жыр текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016