Тойға тілек текст песни

Ғабиден Қожахмет

0
0

Поделиться:


Орындалып ойдағың,
Келді ауыл-аймағың.
Думандатқан ағайын,
Құтты болсын тойларың!Кеуде күйге толғасын,
Көңілде кір болмасын.
Шаңырақта той болған
Шаттық, бақыт орнасын!Сөзден маржан терейік,
Ақ тілекті төгейік.
Той иесі, қашанда
Артық болсын мерейің.Береке, бақ жиылсын,
Той дегенің – дүйім сын.
Дос-жараның қуанып,
Дұшпандарың күйінсін.Жүзеге асып ойдағың,
Орындалсын ойларың.
Қызық, қуаныш көбейіп,
Арта берсін тойларың!
Ғабиден Қожахмет, Габиден Кожахмет, Тойға тілек, Тойга тилек текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

25.06.2017