Шәкірт текст песни

Ғабиден Қожахмет

0
0

Поделиться:


Мінезін түгел аштырған,
Күлсе де шыншыл күледі.
Лүпілдеп алға бастырған -
Білім ал дейді жүрегі.

Шәкірт-жыл біткен бағына,
Сезеді мұның өтерін.
Біледі олар тағы да
Білімнің қымбат екенін.

Достары жанында, бірігіп
Өмірге тұлпар баптады.
Ұстазы үшін - ұлы үміт,
Ата-ана үшін - мақтаны.

Ұшқанда қиял таңына
Адам боп шықсын ең кемі.
Маман боп олар тағы да
Болады елдің ертеңі!
Ғабиден Қожахмет, Габиден Кожахмет, Шәкірт, Шакирт текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016