Мектеп туралы текст песни

Ғабиден Қожахмет

0
0

Поделиться:


Мектеп жайлы айта алдық па біз ұға,
Шәкіртіне қарайтын ел қызыға.
«25-тен едім» дейтін ұлы да,
«25-тен едім» дейтін қызы да.Мектебінің білім атты гүл бағы
Дайындап еді, берді өмірге тұлғаны.
«25-те оқығам» дейді сондықтан
Әр шәкірті – қыздары мен ұлдары.Әр түлектің еңбегі еткен бағалы
Мектебінің есінде әр кез қалады.
Талай білім сынағында еңкеймей
Жиырма бестің биік тұрған жалауы.Талай шәкірт өткеніне қараған
Шығармайды өз мектебін санадан.
Жиырма бес те спортта, өнер, білімде
Мықтылардың алдын талай ораған.Ұстаз аты, ғажап едің сен неткен,
Табыс жолы алынбайды еш ертектен.
Бұл жерде де талай ұстаз бала үшін
Еңбек еткен, тыншымастан тер төккен.Қожабақы – киелі ол да ел еді,
Артқы толқын алдыңғыға ереді.
Сол дәстүрмен болашаққа ұмтылып
XXI-дің жас ұрпағы келеді.Күтсін дейді ел жас ұрпақты таң күліп,
Жетелейді болашақ деп алға үміт.
Алда – асулар, ал санада мектептің
Тарихы да тұра береді жаңғырып.
Ғабиден Қожахмет, Габиден Кожахмет, Мектеп туралы, Мектеп туралы текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

03.11.2017