Құтты болсын! текст песни

Ғабиден Қожахмет

0
0

Поделиться:


(Қазақ тілді ғаламтор бетіндегі той-тілек тақырыбындағы "Құтты болсын" сайтына арналған)

Жүректерді ізгілікке елең ғып,
Сонда айтылар әсем ән мен өлеңді ұқ.
Салтанат па, мереке ме, мейрам ба,
Бір-біріне "Құтты болсын!" деген жұрт.

Шын жүректен сөз арнады егіліп,
Сол сөзінен сергек көңіл, сенім ұқ.
Туған күн бе, мерейтой ма, кештер ме,
"Қуанышың құтты болсын!" деді жұрт.

Сол ортада болмас көңіл тек мұңды,
Кеуделерге шаттық лебі кеп кірді.
Бір-біріне шын көңілмен көпшілік
"Құтты болсын!", "Құтты болсын!" деп тұрды.

Сауықты ұғар әуел бастан мына жұрт,
Кездесетін тойда басы құралып.
Сол тойларда "Құтты болсын!" деп тұрды
Бірі үшін бірі елдің қуанып.

Армандарға ақ тілектен жақшы үміт,
Саған тәнті болып отырсын көпшілік.
"Құтты болсын!" айт селкеусіз көңілмен,
Сол сөзіңде жатсын барлық жақсылық.

Біріңді, дос, бірің келіп ескергін,
Шаттық барда көңілдерден көшкен мұң.
Қуанышына ел мен жұрттың арналған
"Құтты болсын" сайтына қош келдің!
Ғабиден Қожахмет, Габиден Кожахмет, Құтты болсын!, Кутты болсын! текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

29.12.2016