Қазағымның ардақты келіндері текст песни

Ғабиден Қожахмет

0
0

Поделиться:


Ақсақалға ұсынып төрін берді,
Алғысына бөленіп көңілдері.
Жасы үлкенге жаңылмай сәлем салған -
Қазағымның ардақты келіндері.

Үлкен үйден іргесі бөлінбеді,
Бір сыйластық арада өрілгені.
Абысынмен ас-суы ажырамас -
Қазағымның ардақты келіндері.

Қосылған соң жүрекпен өмірлері,
Риясыз жарасар сенімдері.
Отағасын қашанда пір тұтатын -
Қазағымның ардақты келіндері.

Еркелетіп ат қойып егілгені,
Жүрегінен ықылас төгілгені.
Қайын сіңлі, қайнының қамын ойлар -
Қазағымның ардақты келіндері.

Бірлік артса береке еліңдегі,
Керегеңнің кеңінен керілгені.
Ұрпақ жібін жалғайтын ұлтқа лайық -
Қазағымның ардақты келіндері.
Ғабиден Қожахмет, Габиден Кожахмет, Қазағымның ардақты келіндері, Казагымнын ардакты келиндери текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

25.08.2016