Ел үшін туған ер ұлы текст песни

Ғабиден Қожахмет

0
0

Поделиться:


Өткеннен бізге ой тартқан,
Көрінер тарих көзге ерек.
Елдігімді талай шайқалтқан,
Дұшпанда кеткен аз ба кек?!

Бейбіт ел бір кез үдеріп,
Жау тиіп жақын іргеден.
Заманы бұлттай түнеріп.
Сырда да өтті дүрбелең.

Әлегін дұшпан салдырып,
Тыныштық елден бұзылды.
Ұлыңды қапыда қалдырып,
Қалыңсыз құшты қызыңды.

Пейілін анық аңдатып,
Ерлерге намыс өртетті.
Жанқожа болып сол уақыт,
Ерліктің оты жарқ етті.

Ұл туып ұлттың бағына,
Есең бір қайтар күн келді.
Әруақты батыр жауына,
Айбалта болып сілтенді.

Халқы үшін туып баталы ұл,
Ақ сауыт киді болаттан.
Майданда төгіп қаһарын,
Кек тамып тұрды жарақтан.

Тыныштық бастан ұшқан күн,
Батырлық солай көктемек.
Менменсіп келген дұшпанның,
Тағдырын шешті жекпе-жек.

Осылай қорғап елді ұлы,
Қайтарды ардың өтеуін.
Айшықтап тұрды ерлігі,
Даланың ұлы екенін.

Жауына қаһарлы көрінген,
Иманы кәміл нар тұлға.
Өтіпті ақыры өмірден,
Құбылаға қараған қалпында.

Ұмытпай жүрді елі де,
Аңыз қып батыр ерлігін.
Бостандық лебі келді де,
Құрметтеп жатыр ел бүгін.

Бас иген солай салтына,
Беріліп ердің бағасы.
"Батырым!" деді қарты да,
"Бабамсың!" деді баласы.

Азаттық жолын ән қылып,
Қорғаған елді ер білек.
Санамда қалды мәңгілік,
Ерліктің туы желбіреп!
Ғабиден Қожахмет, Габиден Кожахмет, Ел үшін туған ер ұлы, Ел ушин туган ер улы текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

29.12.2016