Гүл сезім текст песни

Ескендір Хасанғалиев

Гүл сезім

1
0

Поделиться:


 
Өмірде тағдыр айдап
Кездестім өзіңменен
Кезім бұл бал-бұл жайнап
Қайғы-мұң сезілмеген
 
 
Қайырмасы:
 
Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?
 
 
Көңілдің алып ұшқан
Шаттығын жасыра алмай
Жандардай сағынысқан
Жалындап басыла алмай
 
 
Қайырмасы:
 
Келеді құшақтағым
Келеді еркелегім
Ешкімге ұқсатпадым
Не деген көркем едің?
 
 
Бейнеңе елжіреген
Тым ұзақ жайтаңдадым
Жанымның мөлдіреген
Сырларын айта алмадым
 
 
Қайырмасы:
 
Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?


Ескендір Хасанғалиев, Ескендир Хасангалиев, Гүл сезім, Гул сезим текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

19.10.2015