Ауылым - әнім текст песни

Ескендір Хасанғалиев

Ауылым - әнім

1
0

Поделиться:


Қайда жүрсем, туған жерім
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім
Көз алдымда тұрармысың!


Ғашық едім қыр гүліне
Қызық-тойым сенде өтеді
Сенде өткерген бір күніме
Дүниеде не жетеді!


Сүйем таныс жолдарыңды
Саған бастап әкелетін
Сүйем жасыл талдарыңды
Жанға ләззат әперетін


Сүйем айна көлдеріңді
Мөлдіреумен қарайтұғын
Сүйем белес-белдеріңді
Таң сәулесі тарайтұғын


Саған жырдан - сый арнағам
Қиял құсын қуған жерім
Туған жерін сүйе алмаған
Сүйе алар ма туған елін!


Ауылымнан аттанарда
Алтын аймақ ән салады
Жол тынымсыз тартқан алға
Жүрегімді нұр шалады

Ескендір Қасанғалиев
Ескендір Хасанғалиев, Ескендир Хасангалиев, Ауылым - әнім, Ауылым - аним текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Комментарии

Сабира Ескараева

19 Марта 2018

ани барма

GM

Добавил текст

28.10.2015