Аңсағаным текст песни

Ескендір Хасанғалиев

Аңсағаным

0
0

Поделиться:


Айтшы, жаным, қайда жүрсің, қайда?
Шақырады арман ару - май да
Қызғалдақты көктемім боп жайна
Аңсағаным
 
 
Қайырмасы:
 
Өзің деп білем
Өмірімнің гүлі
Асқарымда
Өзің деп білем
Көңілімнің күні 
Аспанымда
 
Ақ дидарың ұқсап туған айға
Келші, құрбым, құшағыңды жай да
Жыр бағымда бұлбұлым боп сайра
Аңсағаным
 
'Асыл арман' деп шырқалды әнің
Арманыңның сезіп жүрмін бәрін
Арайланып атар алтын таңың
Аңсағаным
 
 
Қайырмасы:
 
Өзің деп білем
Өмірімнің гүлі
Асқарымда
Өзің деп білем
Көңілімнің күні 
Жас жанымда
 
 
Ғашық сырын ұқпайсың ғой, жаным
Кеудемде бір алаулайды жалын
Бір өзіңе арналады әнім
Аңсағаным
 
Ескендір Хасанғалиев, Ескендир Хасангалиев, Аңсағаным, Ансаганым текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

19.10.2015