Ақ бидай текст песни

Ескендір Хасанғалиев

Ақ бидай

0
0

Поделиться:


Ақ бидай – әнім, ақ бидай – дәнім,
Ақпейіл – халқым, ақпейіл – әр үй.
Еңбегі – шежіре, ерлігі – дастан,
Қазағым осы, дәулеті тасқан!
Дәм-тұзға толы дастарқан дала,
Күн сайын думан, күн сайын – жаңа ән.
Күмбірле күйдей көңілдің хошы,
Мерейі асқан қазағым – осы!
Қонағы келсе – құшағы ашық,
Дүшпанға – қатал, досына – ғашық.
Теңіздей терең, тасындай заңғар,
Қазағым, достар, – осындай жандар.
Әлемге айдай асырған даңқын,
Ұл-қызы әсем, жүздері жарқын.
Еңсесі биік, елдігі ғажап,
Жасыма, жайна, жасай бер, қазақ!
Ескендір Хасанғалиев, Ескендир Хасангалиев, Ақ бидай, Ак бидай текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

16.12.2015