Әдемі-ау текст песни

Ескендір Хасанғалиев

Әдемі-ау

0
0

Поделиться:


Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді
Күдерін құштарынан бір үзбейді
Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма
Өзіңді мен іздемей кім іздейді!
 
Арына махаббаттың шырай керек
Шын сүйген азабына шыдайды көп
Ән айттым, арнап саған, ұнайма
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек
 
 
Қайырмасы:
 
Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау
 
 
Өзің ғой өміріме сән берген де
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау сен келесің, көз алдыма
Ақ қайың самал желмен тербелгенде
 
Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма
Өзгелер сені мендей сезе алар ма
Ақ толқын жағалауға асыққанда
Айым-ау, сен келесің көз алдыма!
 
 
Қайырмасы:
Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау


Ескендір Хасанғалиев, Ескендир Хасангалиев, Әдемі-ау, Адеми-ау текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

19.10.2015