Сүйген жүрек кешірімді... текст песни

Ершат Қайболдин

Сүйген жүрек кешірімді...

0
0

Поделиться:


Қалағаным  қабыл  алшы  тілекті,.
Қарағаның  үмітімді  үдетті.
Бар  амалым  бақытты  ету  жүректі,
Жараладың  жұдырықтай  құр  етті.
 
Шағаламын  қайда  қанат  қағамын,
Жағаладым  махаббаттың  аралын.
Замананың  бергені  тек  нала-мұң,
Саған  әнім  шырқалуда  қарағым.
 
Пәк  адалым  арыңдай  пәк  жанарың,
Бағаладым  бақытыма  баладым.
араладым  бақты  тозып  табаным,
 Табаламын  іздеп  сені  табамын.
 
Доғарамын  бұл  сезімді  ант  ұрған,
Жоғаламын  арнап  саған  сан  түрлі  ән.
Ооо, маралым,  келінісің  басқа  үйдің,
Орамалың  дәлел  оған  тартылған.
 
Жоламадың  жүрдің  менен  жырақта,
Жоқ  амалым  шыдау  керек  сынаққа.
Бола  аламын  менде  өзгемен  бақытты,
Оған  арым  жібермейді бірақта.
 
Ораламын  десең  егер  сәріде,
Жоға жаным, құшақ  ашық  әліде.
Үйленді  деп  сенде  мені  сөкпессің,
Сүйген  жүрек  кешірімді  бәріне…
Ершат Қайболдин, Ершат Кайболдин, Сүйген жүрек кешірімді..., Суйген журек кеширимди... текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

23.10.2015