Ер махаббат текст песни

Ерлан Тағман

Ер махаббат

0
0

Поделиться:


Қара шашың иығыңа төгілген
Қара көзің не жылаған не күлген
Толғап өттің менің тұла бойымды
Бала кезден саған ғашық едім мен
Толғап өттің менің тұла бойымды
Бала кезден саған ғашық едім мен
kazchords.kz — аккорды казахстанских песен
 
Ұғу қиын адам жанын білемін мен
Не оқисың қабағыңнан түнерген
Білгің келсе қара менің көзіме
Мен жайында сұрамашы біреуден
Білгің келсе қара менің көзіме
Мен жайында сұрамашы біреуден
 
Жүрегімде жоқ алданыш бөтен ой
Алдай алсаң сен ақ алдап кете ғой
Тағдырда да мойындаған секілді
Махаббатта мойындайды екен ғой
Тағдырда да мойындаған секілді
Махаббатта мойындайды екен ғой
 
Күн сыйлар ем күнге жету жол қайда
Гүл сыйлар ем күзде гүл солмай ма
Дәл өзіндей аяулы жан аруға
Гитармен ән сыйласам болмай ма
Дәл өзіндей аяулы жан аруға
Гитармен ән сыйласам болмай ма
 
Барма өзі бұл өмірде махаббат
Деп сұрадым көп адамнан қайталап
Жоқ дегенге бұл өмірде махаббат
Жүрегіме қанжар болып қадалар
Жоқ дегенге бұл өмірде махаббат
Жүрегіме қанжар болып қадалар
Жоқ дегенге бұл өмірде махаббат
Жүрегіме қанжар болып қадалар
Ерлан Тағман, Ерлан Тагман, Ер махаббат, Ер махаббат mp3 скачать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

23.10.2015