Жалған дүние текст песни

Ерлан Орынбасаров ft. Жансая Жәдігер

Жалған дүние

2
0

Поделиться:


Тәңірімнен тіледім - 
Жарқын ғұмыр, күндерді.
Жылап жатыр жүрегім,
Серік қалап түндерді.
Көзден тамшы құлатып, 
Өмір бізді қинайды.
Жалған сөзбен жұбатып,
Сәттік сезім сыйлайды.
Көгершіндей күндерім,
Ұшырады арманмен.
Бір қуаныш бірде мұң,
Өмір өтер алдаумен...
 
Қайырмасы:
Жалған дүние, 
Жұбатасың біздерді бірде шаттық сыйлап,
Жалған дүние,
Мұңайтасың қайғымен әлсіз жанды қинап, 
Жалған дүние, 
Жылатасың бір сәтке көзге тамшы, 
жасты жинап... 
 
Асыл өмір балайды,
Байлық дәулет барында
Орамалға орайды 
Демің біткен шағыңда,
Өмір толы сынаққа
Махшарда да жаза көп
Барайық біз жұмаққа 
Пенделіктен ада боп.
Иман нұры бойымда,
Хақ Тағала таратқан, 
Өмір атты ойында - 
Жар бола көр, Жаратқан! 
 
Қайырмасы:
Жалған дүние, 
Жұбатасың біздерді бірде шаттық сыйлап,
Жалған дүние,
Мұңайтасың қайғымен әлсіз жанды қинап, 
Жалған дүние, 
Жылатасың бір сәтке көзге тамшы, 
жасты жинап... 
 
Ерлан Орынбасаров ft. Жансая Жәдігер, Ерлан Орынбасаров ft. Жансая Жадигер, Жалған дүние, Жалган дуние текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

20.10.2015